Мектеп жаңалықтары,  СЫНЫП САҒАТТАРЫ

Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында №3 мектеп-гимназиясында Қазақстандық патриотизмге, өз елі мен Тұңғыш Президентін мақтан тұтуға тәрбиелеу мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді. 24 қарашада 5-7 сынып оқушылары үшін «Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жолы» «Путь Первого Президента Казахстана» бірыңғай сынып сағаты өткізілді, «Один народ, одна судьба», «Біл ел, бір тағдыр», «Семь граней независимости»атты деректі фильм көрсетілді. Балалар Президентіміздің өмірбаяндық деректерімен, оның жанұясымен, әуестігімен танысты. 8-11 сынып оқушылары үшін «Оқушылардың азаматтық-патриоттық тәрбиесіндегі тарихи тұлғаның рөлі»атты бірыңғай сынып сағаты өткізілді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес кітапханада «дана көшбасшы – елдің тірегі», «Дана көшбасшы-елдің тірегі»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар назарына Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өмірбаянымен қатар, Тәуелсіз Қазақстанның тарихымен байланысты материалдар ұсынылған. Бастауыш сынып оқушылары үшін «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайына» виртуалды экскурсия өткізілді. Мұражайда Балалар егеменді Қазақстанның тарихына қатысты және еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірі, Мемлекеттік және қоғамдық қызметінің кезеңдерін ашып көрсететін мұрағат құжаттарын, ғылыми еңбектерін, кітаптарын, сыйлықтар, марапаттар коллекцияларын және басқа да материалдары  

Коммент өшірілген on Тұңғыш Президент күні