Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустықинфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде COVID-19 коронавирустық инфекция (бұдан әрі – КВИ) бойынша пандемия жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасына КВИ әкелінуіне жол бермеу,  халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері:

1) ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы және т.б. кинотеатрларды, балалардың ойын алаңдарын жабу) өткізуге тыйым салуды;

2) адамдар көп болатын және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар,діни объектілер, коммуналдық шаруашылық,  тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану, ХҚКО,вокзалдар,әуежайлар, қонақ үйлер,денсаулық сақтау (оның ішінде дәріханалар), білім беруұйымдарында және т.б.) санитариялық-дезинфекциялық режимді (беткейлерді күніне кемінде екі рет өңдеу) күшейтуді;

3) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салуды жәнесанитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтуді;

4) әрбір рейстен, қоғамдық көлік тоқтағаннан кейін қоғамдық көлікті жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді (күніне кемінде екі рет)қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп:

1) 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында каникулға ерте шығаруды;

2)  жоғары және орта білім беру ұйымдарын (техникалық мүмкіндік болған жағайдайда барынша көшіруді қамтамасыз етуді),оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін жүргізуді қашықтан оқытуға көшіруді;

3) білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режимді (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалды жинау, дезинфекциялау) сақтауды;

4) оқытудың кабинеттік жүйесін тоқтатуды;

5) мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі топтар үй-жайларын кварцтауды;

6) мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгі сүзгі (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау) өткізуді;

7) каникул кезінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салуды қамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Инвестицияжәне инфрақұрылымдық даму министрлігі 1а, 1б, 2, 3-ші санаттағы елдермен халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі1а, 1б, 2, 3-ші санаттағы елдергехалықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға және сыртқы туризмге тыйым салсын.
  3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:

1) КВИ бойынша байланыста болған адамдарды карантиндеу және провизорлық емдеуге жатқызу орындарын күзетуді;

2) КВИ бойынша байланыста болғандарды іздестіру және карантинге орналастыру  бойынша шаралар қабылдаудықамтамасыз етсін.

  1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп халық арасында КВИ-дің таралуының профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандырсын.
  2. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, Көліктегі департаментінің, аумақтық департаменттерінің басшылары1а) санатындағы елдерден келген адамдарды, қызметтік және дипломаттық төлқұжаттардың иелерін, авиакомпаниялардың ұшқыштарын және экипаждардың, локомотив бригадаларының мүшелерін, теміржол көлігінің тасымалдау қызметімен байланысты адамдарды және жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілерді жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда оқшаулай отырып,14 күнге карантинді қамтамасыз етсін.
  3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы КВИ тіркелген елдердің тізбесін сайтта күн сайын орналастыруды қамтамасыз етсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жүктелсін.

10. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.