Мектептің үйірмелер жұмысы бойынша есеп беру концерті

18.05.2019 жылы №3 мектеп-гимназиясында үйірмелер жұмысы бойынша есеп беру концерті өтті. Бізді Мельникова Алена Олеговна басшылығымен «Ритмы Детства» хореографиялық үйірмесінің, Санарова Галина Алексеевна басшылығымен «Vivat» вокалдық студиясының, Оспанов Ануар Серикович басшылығымен «Звонкие голоса» вокалдық-хор үйірмесінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ Нұржан Оразғалиұлы мен Нұрмағанбетова Гүлфайруз Айдарханқызы басшылығымен қазақ және ағылшын тілдерінде мектеп театрлары қуантты. Есеп беру концерті тек шығармашылық өсудің көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар ынталандыру мен қолдауға лайық маңызды қоғамдық жұмыс.