«Мен — патриотпын» қалалық фестивалі

13 желтоқсанда № 3 мектеп-гимназиясының «Жас Қыран» РББЖҰ белсенділері «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің қалалық балалар шығармашылығы мектебі» КММ өткізген «Мен — патриотпын» атты фестивальіне қатысты. Бұл фестиваль махаббатты, сыйластықты, туған елге деген отаншылдық сезімін тәрбиелеу мақсатында өткізілген болатын. Біздің мектеп атынан 5 адамнан тұратын команда қатысты. Жас Қыран мүшелері фестивальге өте жақсы дайындалып, өздерін нағыз патриот екендерін көрсетті.
Барлық балаларға бұл фестиваль өте ұнады, өйткені қызықты және танымды болды. Іс-шараның ұйымдастырушыларына үлкен рахмет!